Бүгін: 01.12.2021
Отбасы - қазақстандық қоғамның негізгі, экономикадағы біздің еліміздің барлық жаңа жетістіктері негізі, мәдениет, әлеуметтік саясат болып табылады Н.А. Назарбаев

Б. Сағынтаев қала тұрғындарын тек өздерін тыңдап, жақындарын қорғау үшін вакциналануға шақырды 

Пандемия басталғаннан бері Алматыда КВИ-дің 177,2 мың жағдайы тіркелді, ағымдағы жылдың басынан бері – 158,7 мың адам. 

Дерттің апталық көрсеткіші 100 мың тұрғынға шаққанда бір апта бұрынғы 113,9-дан 89,5-ке дейін және тәуліктік өсім 0,2-ден 0,14-ке дейін төмендеуде. 

Бүгінгі күні ұжымдық иммунитеттің ресми тіркелген халық санының 54,4%-ын құрайды.

 

Біздің бүгінгі кейіпкеріміз дәрігер-акушер-гинеколог  Эльвира Серікқызы Сулейменова.

Қазақ ұлттық медициналық университетіне 2006 жылы оқуға түсіп, 3 жыл резидентурадан кейін 2013 жылы бітірді.

- Менің анам рентгенолог және мен үшін ол кісі еліктеудің эталоны болды.  Отбасымзда 5 бала бар, ауыра қалған жағдайда бәрімізді анам өзі емдейтін. Анам өзіне сенімді және нық қимылдайтын. Сондықтан да мен өз кәсібімді кездейсоқ таңдаған жоқпын.  Ал гинеколог мамандығын бұл жерде жаңа өмір туатын болғандықтан таңдадым,- дейді Эльвира Серікқзы.

Эльвира №2 Қалалық перзентханада 2015 жылдан бері еңбек етіп келеді. Маманның айтуы бойынша бұл мамандықта ең бастысы – шыдамдылық пен сүйіспеншілік.

- Маған бұл жерде қызмет еткен ұнайды, ұжым тату. Қажет болған жағдайда бір - біріне қол ұшын беруге дайын.

Эльвира Серікқызы өзінің жастығына қарамастан 8 жыл еңбек өтілі бар маман.

Қазіргі уақытта акушер-гинеколог мамандығы әйелдің босануын жеңілдетуге, жаңа туған нәрестеге өмірінің алғашқы сәттерінде сауатты күтім жасауға, сондай-ақ төтенше жағдайда дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін өте үлкен білімді қажет етеді. Акушер-гинеколог мамандығын рухы әлсіз адамдар таңдамайды, себебі бұл мамандық жылдам  және жауапты шешімдер қабылдауға мәжбүр етеді. Осындай дәрігердің бірі - N 2 қалалық перзентхананың акушер-гинекологы Куренова Гульнар Байбусиновна. Медицинадағы жұмыс өтілі - 40 жыл.   1992 жылы Семей медициналық университетінің емдеу факультетін бітіргеннен кейін  жедел жәрдем станциясында жұмыс істей бастады.

Әр жыл сайын  қыркүйек айының 23-і  Дүниежүзілік сүт безі нің қатерлі ісігі туралы хабардар ету  күні болып атап өтіледі. Біз сіздер үшін ауруды ерте кезеңдерде анықтауға және асқынулардың алдын алуға көмектесетін 10 фактіні дайындадық.

Қатерлі ісіктің бұл түрі ең көп таралған болып есептеледі . 2020 жылы 2,2 миллионнан астам аталған қатерлі ісік жағдайы тіркелді. Ресми деректертерге сүйенетін болсақ, Қазақстанда сүт безі нің қатерлі ісігі жыл сайын 5 мыңға жуық әйелден анықталады. Егер бұрын осы ауру  егде жастағы әйелдерде ғана кездескен болса, қазір ол 30-40 жастағы әйелдерде де анықталып отыр.

Дәрігерлік кәсіптің арасында ең стресті мамандық  - реаниматологтың жұмысы. Дәл осы дәрігер жағдайы өте ауыр пациенттердің өмірін сақтап қалады. Бұл- кома немесе ауыр жарақат болуы мүмкін.

Біздің дәрігер - реаниматологтардың бірі -  Лихоузов Анатолий Анатольевич.

Ол 2006 жылы Алматы қаласы Қазақ медициналық университетін  «Емдеу ісі» мамандығы бойынша аяқтады, одан кейін анестезиология және реанимация мамандығын интернатурада игерді. Ординатураны аяқтағаннан кейін №2 Қалалық перзентханада еңбек жолын бастады. Еңбек өтілі -14 жыл.

Анатолий өз мамандығында ең бастысы – тез шешім қабылдай алу екендігін айтады. 

- Біз жағдайы бірнеше секунда өзгеріп кететін, өте шұғыл пациенттермен жұмыс істейміз, сондықтан да жағдайды тура бағалап, дереу дұрыс шешім жасаауға тиіспіз. Өйткені біздің шешімге – пациенттің өмірі тәуелді болуы мүмкін, - дейді Анатолий.

Біздің жобаның бүгінгі кейіпкері босанғаннан кейінгі бөлімшенің аға акушері Бейсенова Айгүл Серікқызы.

Бұл саладағы еңбек өтілі -27 жыл. 1994 жылы Алматы қаласы Республикалық медициналық колледжін аяқтады.

Еңбек жолын қалалық емханалардың бірінде әйелдер кеңесі бөлімінің акушері болып бастады.

1999 жылдан Алматы қаласы №4 перзентхананың акушері бола жүріп, өзін білімді, жауапкершілігі мол, пациенттер арасында құрметке ие екендігін дәлелдеп, осы бөлімнің аға акушері лауазымына тағайындалды.

2018 жылы Қалалық N 2 перзентхананың аға акушері лауазымына қабылданды.

Айгүл Серікбайқызы мамандығын өз қалауымен таңдады.

 Егер сіз жалдамалы қызметкер, жеке кәсіпкер болмасаңыз және тұрақты табысыңыз болмаса, сіз міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне тәуелсіз төлеуші ретінде қатыса аласыз. 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына сіздің төлеміңіздің мөлшері ай сайын 2 125 теңгені немесе 1 ЕТЖ-нің 5% - ын құрайды.  

Мұның бәрі коронавирустың салдары.

Біреулер дәрігерлердің барлық ескертулерін елемей, карантин ережелерін бұзуды жалғастыруда, ал басқалары ауырып, өмірлерімен қоштасуда...

Достар, сіз жақындарыңыз бен отандастарыңыздың өміріне алаңдайсыз ба?

Сіздің таңдауыңыз қандай?

 

Әлеуметтік мәні бар ауруларға кіреді:

- Туберкулез

- АИТВ

- Созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы

- Қатерлі ісіктер

- Қант диабеті

- Психикалық, мінез-құлық бұзылулары

- Балалардың церебралды сал ауруы

Жедел миокард инфарктісі (алғашқы 6 ай)